Қарлы боран соғып тұр: жолдар жабылып жатыр

0

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты бүгін тасжолдарында қозғалыс шектелді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран соғып тұр. Күн райының күрт бұзылуына байланысты өңірдегі бірнеше автокөлік жолы жабылды, деп хабарлады Алтайньюс.

«Қазақавтожолдың» ақпаратына сүйенсек, 19 қазан күні сағат 12.45-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» (15-105 километр, Белоусовка-Риддер қаласы) және «Өскемен-Алтай -Катон-Қарағай -Рахман қайнарлары» (6-66 километр, Ушановское-Серебрянск қаласы) автожолында тіркемесі бар жүк көліктері мен жолаушылар автокөлігінің қозғалысы шектеледі.

Айта кетейік, синоптиктер 19-21 қазанға ауа райы болжамы жасап, елдің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, ауа температурасы төмендейтінін хабарлаған болатын.

Толығырақ: 19-21 қазанға ауа райы болжамы



sputniknews.kz