Қарияға қолғабыс қылды | «Айқын» газеті

0
87

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ор­дасы ауданындағы «Жас Отан» Жастар қанаты­ның мүшелері өңірдегі соғыс және тыл ар­дагерлерінің, жалғызбасты қариялардың үйіне барып, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс етіп жүр.

Қыс уақытында ауладағы қарын күреп, отын-суларын тасып, жаз айла­рында қора-қопсыларын тазалап, үй­леріне тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді. Осындай көмектің бірі «Ардагер­лерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында Сайқын ауылының тұрғындары, тыл еңбеккерле­ріне көрсетілді.
– Жалғыз өзім болғандықтан, қыруар шаруа жиналып қалады. Жастардың тит­тей де болсын сол жұмыстарды азайтуға сеп­тігін тигізіп жатқанына қуанамын. Жас­тардың істегені білінбейді. Барлы­ғына ризамын, – деп ризашылығын біл­дірді тыл ардагері Ұлғаным Жұмағалиева.
Жастардың бірі есік алдындағы қарды тазаласа, енді бірі қарияның қысқы оты­нын әзірлейді.
– Қарттарға көмектесу – игі іс. Әсі­ресе жалғыз тұратын қарттар біздің кө­мек­­ке мұқтаж, сондықтан осындай сауап­­­­­ты жұмыстарды істей береміз. Біз­дің ауданда бірнеше ардагер бар. Жыл басынан бері ауыл жастар ұйымдары қария­лардың үйіне барып, сенбілік ұйым­дастырып келеміз, – дейді жастар.
Осылайша, өскелең ұрпақ ұлт тари­хы­на өлшеусіз үлес қосқан қарттарға кө­мек­тесу арқылы өз бойларында мейірім­ділік пен ізеттілікті қалыптастырып келеді.
– Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымды адам қа­шан­да тура жолда жүріп, адам­гершілік қасиеттерді бойына жұмыл­дырады.
Қайырымы кең қазақ сынды ха­лықтың әр баласы мен ұрпағы қол ұшын тигізіп, кө­мек беруге дайын тұрған. Осындай игі істерді бөкейлік жастар да әр уақыт қолға алып, ауылдың жалғыз­басты қариялары мен мүгедек жандарына әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді, – дейді партиялық аға тәлімгерлер.
«Кішіге – ізет, үлкенге – құрмет» көр­сеткен қазақ баласы қашанда қариясын сый­лаған, қамқорлық танытқан. Бұл қам­қорлық істің бірі ғана. Алда мұндай ізгілікті істер жалғасын таба бермек, – деді «Жас Отан» жастар қанатының аймақтағы төрағасы Мұхтар Жоламанов.

Абылайхан ЖҰМАШ

Дереккөз: Айқын