Home KzNews TV «Қарғыс атсын» деген полицей жұрттың жағасын ұстатты (видео)

«Қарғыс атсын» деген полицей жұрттың жағасын ұстатты (видео)

0
25604

Отандық журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде полицей мен жүргізуші арасындағы диалогты бөлісті. Видеоны жүргізуші түсіргенін байқауға болады.

«Қарғысы қатты депутаттан полицейлер де үлгілі ала бастапты. Қарғысқа қарсы қорғаныс, қарғысты жолатпау деген тренинг ашу керек сияқты. Сұмдық өтімді болар еді», — деп әзілдеді журналист.

Видеоның соңында ашуланған полицей «Ақжол, жортқанда жолың болсын, бауырым» деп кетіп бара жатыр «Қарғыс атсын» деп сөзін жалғайды.

Бұлай бата беріп, қарғаған полицейді жұмыстан шығару керек деп шулағандар да бар.