Қардың астында 40 минут жатқан бала ғажайыптың күшімен аман қалды

0

Францияның Ла-Плань тау шаңғысы курортында қар көшкіні астында қалған он екі жасар баланы бір сағаттан кейін құтқарған деп хабарлайды snob.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 26 желтоқсан күні орын алған. Сол күні бала шаңғышылар тобымен Ла-Плань курортындағы рұқсат етілмеген жерге өтіп кеткен.

Оның күртешесінде қар астында қалғандарды табуға көмектесетін арнайы құрылғы болмапты.

«Қардың астында қалған баланы әскери ит пен сержант тапты. Оларға құрмет көрсетейік, өйткені азғантай уақытта қар астында қалған адамды табу – үлкен жетістік», — деп жазды қорғаушылардың бірі.

Баланың мұрны сынып, ауруханаға жатқызылған.