«Қарбыз-қауын бір туған»: Нұрлан Қоянбаевтың қарбыз сатып алу бастамасы күлкіге қалды

0

Отандық киножұлдыз, актер, продюсер Нұрлан Қоянбаев жолына кездескен диқандардың саудасын жүргізіп, екі тонна қарбыз сатып алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кино актері арнайы челлендж бастап, оқырмандарын игі іс жасауға шақырып, қарбыз сатып алуға үндеді.

“Биыл қарбыз-қауынның бағасы түсіп, сауда бәсеңдеген. Сондықтан, диқандарымызға халық боп, бірге қолдау білдірейік! Әр қазағым – жалғызым! Күшті өмір сүрейік», – деді актер.

Өнердегі әріптестері бірден іске кірісіп, жаппай қарбыз сатып алып жатыр. Алайда арасында әзілге айналдырғандары да бар.

“Нұрекеңнің бастамасын қолдаймыз. Бірақ қауынды да сатып алуға шақырамыз. Оларды да сатып алып немесе тегін тарату керек”, – деп жазды актер Дәулет Бижанов.

Еске салайық, қарбызды нанмен бірге жеудің зияны анықталғанын жазған едік.

“Ресейдің мемлекеттік білім университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Ирина Лялина айтуынша, қазір бұл екі тағамды біріктірудің зиянды екені ғылыми дәлелденбеген, оларды бірге қолданғанда денсаулыққа зиян факторлар бар. Бірінші қауіп ас қорыту проблемаларына әкеледі. Ғалымның айтуынша, қарбызда көп мөлшерде су мен талшық бар, бұл заттар нан құрамындағы көмірсулармен араласқанда ісіну мен газды тудыруы мүмкін”, – делінген мәліметте.