Қарбыз бен қауынды қалай таңдау керек
Елде қарбыз бен қауын саудасы қыза түсті. Базардағы сатушылар дәмді дақылды таңдаудың құпиясымен бөлісті
Астана базарларындағы сатушылар қарбыздың екі түрі болатынын айтты.
«Оның да «еркегі» мен «ұрғашысы» болады. Қарбызды алатын кезде сабағына қарау керек. Таза піскен қарбыздың сабағы қураған болады. Ол дақыл дәмді әрі жеуге болады деген сөз. Қарбыздың піскенін дәндерінен де көруге болады», — дейді Төлеген Мәуленқұлов.
Піскен қарбыздың дәні қара болады, ал піспесе, ақ болып келеді.
«Піскен қарбыздың жолақтары ашық, ал сабағы жіңішке болады. Сонда қарбыз қызыл, дәмді, керемет болып шығады. Ал сабағы көк, қалың болса, қызғылт болады. Қауын таңдаған кезде оның түбіне қарау керек», — дейді сатушылардың бірі Айдос Әбілев.
Тағы оқыңыз: Қандай жеміс-жидек, көкөністерден аулақ болған жөн?
Қарбыз-қауынды апта сайын сатып алатын тұрғындар да дәмдісін қалай таңдау керек екенін біледі.
«Қарбызды шертіп көрген кезде даусы анық шығуы керек. Ал «әңгелекті» оңайлықпен тексере алмайсыз. Қолмен ұстап көру қажет. Қатты да, жұмсақ та емес, орташа болғаны дұрыс», -деді Айдос есімді сатып алушы.
Ол жазда қарбыз бен қауын жеп, көбірек дәрумен алуға тырысу керек екенін айтады.
sputniknews.kz