Қаратөбе кен орны — ерекше бақылауда

0

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Байғанин ауданындағы Қаратөбе кен орнындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша кеңес өткізді.

Экология департаментінің, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, индустриалды-инновациялық даму басқармаларының, төтенше жағдайлар департаментінің, «Запказнедра» аймақтық инспекциясының, сондай-ақ Байғанин ауданы әкімдігінің басшылары кен орнындағы ағымдағы жағдай, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған және қажетті шаралар туралы баяндады. Бүгінгі күні жағдай тұрақты, тұрғындарға және экология қауіпсіздігіне қатысты қатер жоқ. Кеңес қорытындысы бойынша облыс басшысы жауапты мемлекеттік органдарға жергілікті атқарушы биілікпен бірге кен орнында күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.

— Қаратөбе кен орнындағы ахуал ерекше бақылауда. Бірақ көптеген түйінді мәселелердің шешуі орталық мемлекеттік органдардың құзыретінде. Сондықтан бұл мәселенің шешімі бойынша біз қысқа мерзімде бірқатар нақты ұсыныстарды дайындайтын боламыз, — деп атап көрсетті облыс әкімі.

«Қаратөбе» мұнай кен орнының операторы — «Қаратөбе Интернэшнл Ойл Компани» ЖШС қызметінің заңдылығы туралы іс 2009 жылдан бері әртүрлі сот сатыларында, оның ішінде Париждегі арбитраждық сотта қаралды. Сол уақыттан бері кен орны іс жүзінде иесіз қалды, соңғы жылдар аумағында апатты ұңғымалардан тұрақты түрде мұнай құйып алу деректері орын алып келді.

«Қамшы» сілтейді