Қаратауда 8 жасар қызды кім өртеп жібергені анықталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Полиция күдікті бұған дейін ұсақ заттарды ұрлағаны үшін сотталғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында 8 жасар қызды өлтірді деген күдікпен Қаратау қаласының тұрғыны ұсталды.

37 жастағы ұсталған азамат кінәсін мойындады, деп хабарлады «Хабар 24».

Қаратау қаласында өртелген баланың денесі табылды

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам бұған дейін 175-бап бойынша, яғни ұсақ заттарды ұрлағаны үшін сотталған.

Естеріңізде болса, Аруай Берік 24 сәуірде жоғалып кеткен, ал келесі күні Қаратау қаласының маңында бүлдіршіннің өртелген денесі табылған.

Тағы оқыңыз: Қырғызстанда ауыл тұрғыны өзімен бірге екі баласын өртеп жіберді 

Қазіргі уақытта «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыскер 15 жылдан жоғары мерзімге сотталуы мүмкін.



sputniknews.kz