Қарашығанақта мұнай өндірісін ұлғайтуға 5 млрд теңге бағытталмақ

0
85

2018 жылғы 26 желтоқсан 13:04 210

Қарашығанақта мұнай өндірісін ұлғайтуға 5 млрд теңге бағытталмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Қанат Бозымбаев еліміздің басты мұнай өндіру орындарында өндірісті ұлғайту үшін қандай жұмыстар атқарылғалы жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымен, құны 36,8 млрд АҚШ доллары тұратын (оның ішінде 32 пайызы, 12 млрд АҚШ доллары қазақстандық үлеске тиесілі) Теңізде бүгінгі таңда 46  мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді. 400-ден астам отандық сервистік компания құрылыс, металқұрылымдарын шығару және тағы да басқа жұмыстарға тартылды. Ал Қашағанда тәулігіне 330 мың баррель көлемінде мұнай тұрақты түрде өндіріліп жатыр. Өндірісті арттыру жобалары белсенді түрде жалғасуда. Сонымен бірге, болашақта Қашаған жобасын кеңейту тұжырымдамасы бойынша талдау жұмыстары басталды. Алдын ала болжам бойынша 2024 жылға қарай өндіріс көлемі тәулігіне 450 мың баррельге жеткізілмек», – деді Қанат Бозымбаев ОҚК-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуына қарағанда, Қарашығанақ жобасы бойынша Қарашығанақ консорциумының акционерлері арасындағы дау шешіліп, тиісті келісімге қол қойылған.

«1,1 млрд көлемінде (2019-2021 жылдары) шығынды өтеуді және 2037 жылға дейін мұнай бағасы барреліне 60 доллар болған жағдайда республиканың үлесін 360  млн АҚШ долларына ұлғайту туралы негізгі уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сонымен қатар, Қарашығанақта ұзақ мерзімге мұнай өндірудің жоғары деңгейін сақтау үшін жаңа ұңғымаларды бұрғылау, кеңейту жұмыстарына алдағы 5 жылда 5 млрд АҚШ доллары инвестиция бағыталатын болады», – дейді ол.

Қанат Бозымбаев атап өткендей, 2018 жылы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс пен Салық кодексінің жаңа нормалар күшіне енген. Осы заңнамалық өзгерістер жер қойнауы саласының, соның ішінде теңіз жобаларын инвестициялаудағы тартымдылықты күшейтіп отыр. Соған байланысты, ҚазМұнайГаз бен ENI компаниясымен Исатай жобасын іске асыруды бастап кеткен.

«ENI компаниясымен Абай жобасы және Лукойл компаниясымен Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Жеңіс жобасына қатысты келісімдердің шарттары талкыланып жатыр. Осындай жобаларды жүзеге асырудың арқасында инвестицияларды тартуға, өндіріс көлемін арттырып, салық түсімін камтамасыз етуге мүмкіндік зор», – деді Қанат Бозымбаев.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz