Қарақат Әбілдинаның анасы көз жұмды – Қазақстан жаңалықтары

0
58

Қарақат Әбілдинаның аяулы анасы Қаламқас ана өмірден озды.

Қаралы хабарды әншінің құрбысы Мәдина Сәдуақасова хабарлады.

«Бүгін жан құрбым Қарақаттың аяулы анасы, барлығымызды аялы алақанымен сипап, ақыл- қеңестерін айтып, батасын беріп отыратын Қаламқас апамыз дүниеден озды. Орны толмас қайғы. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта шалқысын, арты қайырлы болсын», – деп жазды Сәдуақасова.

Желі қолданушылары мен өнердегі достары көңіл айтып, қайырлы болсын десіп жатыр.

«Жаны жаннатта болсын. Иманды болсын», – деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

«Апамыз иманды болсын. Ораза айында жаны жәнәтта болсын», «Иманды болсын жаны жəннəтің төрі болсын», «Иманды болсын! Артында қалған үрім бұтақтарына сабыр, денсаулық, амандық тілеймін», – деп жазды желідегі жазылушылар.



stan.kz