Қарақат Әбілдина «Парасат» орденімен марапатталды

0

Әнші Қарақат Әбілдинаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттағандар тізімі:

  • Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы;
  • Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты;
  • Құспан Айгүл Сайфоллақызы  – Парламент Мәжілісінің депутаты;
  • Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК әншісі-әртісі.