Қарақалпақстандағы көтерілістен қаза тапқандар бар болып шықты

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Нүкістегі бейбіт тұрғындар арасындағы құрбан болғандар бар екенін хабарлады.
Қарақалпақстанның Жоғарғы Кеңесінде сөйлеген сөзінде Шавкат Мирзияев 1-2 шілдеде адамдар зардап шеккенін мәлімдеді. Бірақ қаза тапқандар мен зардап шеккендер бойынша нақты сандар әлі хабарланған жоқ.
«Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында құрбандар бар», – деді Шавкат Мерзияев.