«Қараңдар, маньяк!»: Атырау облысында мектепке кіріп келген жартылай жалаңаш, денесі қан ер адам оқушыларды шошытты
Атырау облысында денесі қан-жоса, жыртылай жалаңаш ер адам мектеп-интернаттың ауласына кіріп, оқушылардың зәре құтын қашырды, деп хабарлайды Экспресс К.
Оқиға Атырау облысы Мақат ауданы Доссор ауылындағы С.Шарипов атындағы мектеп-интернатта болған. Оқушылар ер адамнан қорқып, видеоға түсіріп ата-аналарына жіберген.
«36 жастағы ер адам Мақат ауданы Доссор ауылындағы айналма жолдың ортасында тұрған субұрқақты сындырып кетеді. Кейін денесі қанап, полицияны көргенде қаша жөнелген. Оны полицейлер мектеп-интернатының шарбағына қашып кірген жерде ұстап алған», — деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінде.
Ол екінші топтағы мүгедек екені анықталды. Полиция тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.