Қарағандының қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесі іске қосылды

0

2018 жылғы 25 желтоқсан 07:49 159

Қарағандының қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесі іске қосылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Қарағандыда алғашқы валидаторлар №118 бағдардағы автобустарға орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Электрондық билеттеу жүйесі қазіргі таңда тестілік режімде жұмыс істеп жатыр. 2019 жылғы қаңтардан бастап оны барлық жолаушы тасымалдау қоғамдық көліктерінде орнату жоспарланып отыр, делінген облыстық әкімдік сайтында.
«Қазір №118 автобустарда бір терминалдан орнатылды, жүргізушіге планшет берілді. Тағы шамамен 200 терминал кедендік рәсімдеуден өтіп жатыр, себебі оларды Кореядан жеткізеді. 2019 жылдың қастарында терминалдарды барлық маршруттарға орнату басталады. Ол жұмыстар үш ай уақытты қажет етеді», — деді қала әкімдігінің жолаушы тасымалдау көлігі секторының меңгерушісі Ескендір Қибидолла. 

Оның айтуынша, электрондық төлем карталары әзірге қалалық әкімдік қызметкерлеріне берілген, ал оларды жаппай сату келесі жылдан басталады. 
«Электронды карталар барлық жерлерде, дүңгіршектер мен дүкендерде сатылатын болады. Оларды толтыруға қатысты еш қиындық болмайды», — деді Ескендір Қибидолла. 
Қарағандыда 600-ге жуық автобус жолаушы тасымалдайды. Қалада электронды билет жүйесі жеке инвестордың есебінен енгізіліп жатыр. 

Қарағандының қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесі іске қосылды 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz