Қарағандылық жігіт үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жіберген

0

Ер адамның басы мен денесінің көп бөлігі жанып кеткен.

Қарағандыда ер адам өзіне-өзі қол салып, өмірін қимақшы болған, деп хабарлайды Baq.kz.

Ол үстіне жанармай құйып, от тұтатқан. Денесінің көп бөлігі мен басын күйік шалған адам ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол үш күннен кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Жантүршігерлік оқиға ақпанның 11-і күні орын алған. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қаланың Михайлов шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен денесін күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам тұрғын үйге жапсарлас салынған қоймалардың бірінде өзіне-өзі қол салған.

«Алдын ала тексеріс нәтижесінде белгілі болғаны, 1990 жылы туылған азамат ауладағы қосалқы үй-жайдың ішінде өзін-өзі өлтірмек болған. Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», — дейді Қарағанды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Жанатай Сембеков.

Үстіне бензин құйып, өртеп жіберген ер адам бірнеше күннен кейін аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның басы мен денесінің көп бөлігі жанып кеткен,

«11 ақпан күні Х.Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығына жеткізілген ер адам үш күннен кейін, яғни 14 ақпанда көз жұмды. Оған төртінші дәрежелі күйік диагнозы қойылған болатын. Қаза болған ер адамның денесінің көп бөлігін күйік шалған. Ауруханаға жеткізілген уақытта сөйлей алмады. Оған не болғанын, денесінің өртенуіне не себеп болғандығын айта алмады», — дейді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz