Қарағандылық өнеркәсіп орындары 2 трлн теңгеден астам соманың өнімін өндірді

2018 жылғы 13 желтоқсан 01:19 12

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Қарағанды облысы 2018 жылды жақсы нәтижелермен аяқтап келеді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша өсім байқалып отыр, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.
Ол жайлы аймақ басшысы Ерлан Қошанов облыстық мәслихаттың ХХ сессиясында мәлімдеді.
— 11 ай аралығында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің динамикасына қол жеткізілді. Өнеркәсіпте 2,3% өсім бар — 2 трлн теңгеден астам сомаға өнім өндірілген. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі 4,2% өсті. 362 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Ол өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,8%-ға жоғары, — деп атап өтті облыс әкімі.
Негізгі капиталға инвестициялар 110 млрд теңгеге немесе 26,6% ұлғайды. Шағын бизнесте де өсім бар, бұл салада қазіргі таңда 84 мыңнан астам субъектілер қызмет етеді.
— Экономика өсуінің оң динамикасы бізге жыл соңында толық көлемде барлық әлеуметтік міндеттерді орындауға, сондай-ақ даму бюджеті жобаларының қаржыландыруын орындауға мүмкіндік береді, — деді Ерлан Қошанов.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz