Қарағандылық кәсіпкерді іздеген сүңгуірлер өзеннен әйелдің мәйітін алып шықты

0

Қарағанды облысы Нұра өзені аймағында жоғалып кеткен шаруа қожалығының иесі Нұрлан Сүлейменовті сүңгуірлер іздестіріп жатыр.

Бірнеше күн бұрын сүңгуірлер өзеннен белгісіз әйелдің мәйітін тауып алған. Алайда оның жеке басы анықталған жоқ.

ТЖД баспасөз қызметі мәйітті полицияға тапсырды. Қарағанды облысы ПД бұл ақпаратты растады.

«Іздеу шаралары кезінде белгісіз әйел адамның мәйіті табылды. Бұл фактіні тіркедік. Қажетті сараптамалар тағйындалды. Алдағы уақытта әйелдің жеке басы анықталады, – деп хабарлады өңірлік Полиция департаменті.

Бұған дейін Қарағанды облысында өзеннен жоғалған кәсіпкердің үстіндегі киімі табылғанын жазған болатынбыз.