Қарағандылық азамат төрт мешіттен садақа жәшігін тонаған
Ер адам мешіттегі садақа жәшігіндегі ақшаны ұрлаған. Күдікті тергеу изоляторында.
Қылмыскер ауылдық мешіттерді тонаған. Оны ешкім бақыламайтынын пайдаланып, наурыз айында Тереңкөл ауданы Қызылтан ауылының мешітінен 140 мың теңге ұрлап кеткен. Байқоңыс ауылында ол 300 мың теңгені металл сейфті сындырып, алып кеткен.
Ер адамның бұрын сотты болғаны анықталды. 2021 жылы ол ұрлық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған.
Ақпарат: t.me/orda_kz
фото: nur.kz