Қарағандылық әйел сүйіктісі мен өзінің туған қызын төсектес болып жатқан сәтте ұстап алған

0

Қарағанды қаласының тұрғыны сүйіктісін өзінің туған қызымен бірге ұстап алды, деп хабарлайды Nur.kz сайты.

45 жастағы Светлана ешуақытта тұрмысқа шықпаған, қызын жалғыз өзі тәрбиелеп өсірген. Жас кезінде жолықтырған жігіті жүкті еткен соң жоқ болып кеткен. Қиындықтарға қарамастан, Светлана қызын жалғыз өсіруді жөн көреді. Қызын тәрбиелеуге оған анасы көмектескен.

Светлана ер азаматтардан көңілі қалған соң, ешуақытта тұрмыс құрмайды. Өз өмірін Настя есімді қызы мен жұмысына арнаған.

Бір жыл бұрын мінсіз ер адамды жолықтырғанын айтады. Ессіз ғашық болған ол біраз уақыт өзін бақытты сезінгенін айтады.

«Мен оны ешкім кездеспейді деп жүрген кезде жолықтырдым. Ол маған әйел бақытын сезінуге, ғашық болуға мүмкіндік берді. Мұны қызым да, анасы да байқаған. Олар мен үшін қуанғандай болды. Бірақ сүйіктімді Настямен таныстырға соң барлығы өзгеріп шыға келді», — дейді Светлана. 

Әйел адам қызы мен сүйіктісін өз үйінде таныстырған. Ер адамды үйіне кешкі асқа шақырады. Ер адам бұл кеште Светланаға да, қызына да ұнайды.

«Осы кездесуден кейін араға бір апта салып азаматымның өзгере бастағанын байқадым. Ол менен қашып, қоңырау шалғанын қойды, үнемі сылтау тауып алатын. Мен мұны уақытша, ол жұмыстарымен жүр деп ойладым», — деп бөлісті оқиғасын қарағандылық. 

Бірде ер адам ауырып тұрғанын айтып Светланамен кездесуден бас тартады. Әйел адам мұны ести сала емдеу үшін дәрі алып, үйіне барады. Алайда үйге кірген соң ол опасыздықтың куәсі болады. Оның сүйікті ер адамы қызымен төсектес болып жатқан.

«Көрген соң қатты таңғалдым. Мені сындырып, таптап, абыройымды түсіргендей болды. Қызым жылап ғашық болып қалғанын айтты. Ал ол үнсіздік танытты. Менде үндемей олардан кетіп қалдым. Ешкімге ешнәрсе айта алмаймын, қазір жылай беремін», — деді Светлана. 

Бұл оқиғадан кейін арада екі апта өтті. Қызы үйге сол күннен кейін оралмаған.