Қарағандыдағы жұмысшы лифтте қаза тапты
Қарағандыда салынып жатқан нысанда бір жұмысшы қаза тауып, тағы біреуі дене жарақатын алды. Бұл ақпаратты өңірдің полиция департаменті растады.
«Байқаусызда адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Жағдайлар анықталуда», — деді департамент.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы ауыр жағдайда бір жәбірленуші Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың реанимация бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады.
Әлеуметтік желілердің мәліметінше, облыс орталығының оңтүстік-шығысында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде лифт бұзылған.