Қарағандыдағы жол белгісінде Нұр-Сұлтан атауы «Астана» деп тұр

0

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде тараған суретті қызу талқылап жатыр. Онда Нұр-Сұлтан қаласының атауы жол белгісінде «Астана» деп көрсетілгені айтылады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қарағандыдағы жол белгісінде Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгертіп тастаған. Сурет бүгін түсірілген» деп жазды журналист Михаил Козачков.

Алайда қала әкімдігі ол ақпараттың фейк екенін мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде қаладағы жол белгілері елорданың ескі атауына ауыстырылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жол белгісі Қарағанды қаласының «7 шоссе» тас жолында орналасқан. Бұл жол белгісінде қала атауы өзгертілмеген, сондықтан онда ескі атауы көрсетілгенін хабарлаймыз», – деді әкімдік өкілі.

Ведомство мәліметінше, жол белгісі биылғы күрделі жөндеу барысында бір-ақ ауыстырылады екен.

«Жалпы 2019-2021 жылдар аралығында транзиттік тасымалдау бағытын көрсететін 120 белгі ауыстырылды», – деп хабарланды Қарағанды қаласының әкімдігінен.