Қарағандыдағы тұрғын үйде жарылыс болды

0

21 қаңтар күні сағат 18:51-де Щорса көшесінде көлемі 5 литр газ баллоны жарылған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт болған жоқ, алайда үш пәтерге айтарлықтай зақым келген. Шамамен 36 ш. м аумақ қираған.

“Жарылыссалдарынан 1970 жылы туған ер адам мен 1971 жылы туған әйел зардап шекті, олар күйік жарақатымен Қарағанды ​​қаласының облыстық медициналық орталығына жатқызылды. Оқиға орнына жедел жәрдем күштері (36 қызметкер мен 8 техника) тартылды», — делінген хабарламада.

Қала әкімдігі зардап шеккен тұрғындарға жатақханадағы орындарды ұсынды.

Оқиғаның мән-жайы анықталады.