Қарағандыдағы төбелестен кейін қашып кеткен күдікті – Армения азаматы

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

451 0 0

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Қарағандыда адам өлтірді деген күдікке ілінген жігіттің азаматтығы туралы мәліметті жариялады

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Қазақстан Ішкі істер министрлігі Қарағандыдағы қанды оқиғадан кейін қашып кеткен Нарек Гурурянның азаматтығы туралы хабарлады.

Нарек Гурурян, ведомствоның ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың мәліметінше, Армения азаматы.

21 жастағы жігіт Қарағандыдағы кісі өлімі туралы істе күдіктілердің бірі саналады, қазір оны полиция іздеп жатыр. 

7 қаңтар күні Гурурян видеоүндеу жасап, Қазақстан билігіне берілуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен бірге ол 23 жастағы Қарағанды тұрғынының өліміне қатысы жоқ екенін айтты. Алайда Гурунян әлі құқық қорғау органдарына хабарласпаған. 

Соңғы дерек бойынша, Армения азаматы Нарек Гурурян бірінші қаңтар күні Павлодар облысы арқылы Ресейге қашып кеткен. 

Қазір уақытша ұстау абақтысында сегіз адам отыр. Күдіктілердің арасында Қазақстан азаматтары да, Армения азаматтары да бар. Ресей мен Арменияға жедел тергеу топтары жіберілді.

23 жастағы қазақстандық көз жұмып, тағы үш адам жарақат алған  түні «Древний Рим» мейрамханасында 400-ге жуық адам жаңа жылды қарсы алған. Соның ішінде мейрамхана қожайыны өзінің туыстарымен жаңа жылды атап өтіп жатқан.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов оқиғаның тұрмыстық сипатқа ие екенін мәлімдеді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/