Домой Жаңалықтар Қарағандыдағы магистральдық құбырда ірі апат орын алды

Қарағандыдағы магистральдық құбырда ірі апат орын алды

0
24

Осы жылу желісіне қосылған Шығыс 5, Көк тоғандар, Оңтүстік-Шығыс, Федоровка және жаңа қаланың бір бөлігі аудандарының тұрғындары жылудың төмендегенін сезген.

«Жылу желілерін тексеру кезінде «Теплотранзит Қарағанды » ЖШС бригадасы екінші автопарк ауданындағы апатты байқады. Ауа-райының қолайсыздығына және сыртқы ауаның өте төмен температурасына байланысты бұл жұмысты орындау мүмкін болмады. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ақаулы учаске ажыратылды», — деді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ЖШС жұмыс бригадасы күшейтілген режимде жұмыс істейтінін айтты. Ақаулар жойылғаннан кейін гидравликалық режим қалпына келтіріледі, пәтерлердегі температура жақын арада қалпына келеді.

Фото: ventbazar.ua