Қарағандыдағы кісі өлімі: Күдікті Гурурян ұсталды — Ел жаңалықтары
Қарағандыда 1 қаңтарға қараған түні бұзақылық әрекет жасады және адам өлтірді деп күдікке ілінген армениялық Нарек Гурурян ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ сыртқы және ішкі коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді, — деп хабалайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Бүгін Қазақстан ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Ресейдің құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, Омбы облысының территориясынан Қарағандыда 1 қаңтарға қараған түні бұзақылық әрекет жасады және адам өлтірді деген күдікке ілінген армениялық Нарек Гурурянды ұстады», — деп хабарлады Сәдубаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Нарек Гурурян 1997 жылы туған, оған 3 қаңтарда халықаралық іздеу жарияланған. Оның суретін құқық қорғау органдары таратқан еді.
ІІМ өкілдерінің айтуынша, Гурурян Ресейге 1 қаңтарда қашып қалған.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz