Қарағандыда жол бермей қойған жүргізуші ажал құшты

0
120

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жол апатына себепкер болған Volkswagen көлігіндегі 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Қарағанды қаласында 41 жастағы жүргізуші жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, көлік апатынан көз жұмған жүргізуші жол ережесін бұзған.

«27 ақпан күні 41 жастағы Volkswagen Golf көлігінің жүргізушісі қаладағы «15 магистраль» көшесіне шыққан кезде 25 жастағы жүргізуші тізгіндеген Toyota Camry автокөлігіне жол бермей, оны бүйірінен соққан. Соққының ауыр болғаны соншалық 41 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Volkswagen Golf көлігінде отырған 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Жол апаты сотқа дейінгі тергеп-тексеру реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің «Жол ережесін бұзу» бабы бойынша тіркелді.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз