Қарағандыда жасөспірімдер пиццерияда орын бермеген оқушыны тепкілеп тастады — новости Казахстана

0

Бейнебақылау камералары тағы бір жеткіншектің соққы астында қалғанын түсіріп алған. Бұл жолы оқиға Қарағандыда тіркелген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Қарағандыдағы бейнебақылау камерасына пиццерия маңында соққы астында қалған мектеп оқушысы түсіп қалған. Бұл бейнежазба shock_krg Instagram-парақшасында жарияланған.

Автор жасөспірімдер 11 жастағы мектеп оқушысын аяусыз ұрып тастағанын айтқан.

«Олар алты-жеті бала. Үшеуі тепкен. Баланы нейрохирург қарап, ем жазып берді», -делінген жазбада.

Бейнежазба кадрларында жеткіншектің артынан келіп, аяқпен тепкені көрсетілген.

Жәбірленушінің анасы Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында күш көрсеткен жеткіншектер пиццерияда мектеп оқушыларынан орын босатуын сұрағанын айтқан. Алайда балалар бұл бұйрықты орындамапты.

Бұл кикілжіңді шешу үшін олар тысқа шығып кеткен.

«Ол жай ғана тұрған. Бірінші оның артынан ұрып, артынша тебе бастаған. Менің ұлымның достарының барлығы кішкентай. Олар қасында тұрып, ештеңе істей алмаған», -деді анасы.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар



Дереккөз: kaz.nur.kz