Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адам қаза тапты — Тосын жай

0

Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адам қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облытық полиция департаментініне сілтеме жасап. 

Редакцияның Whatsapp +7 777 — 001 — 44 — 99 нөміріне оқырмандар видео жіберген. Онда жастар арасында жанжал шығып, артынша төбелеске ұласқан. Видеодағы үзіндіге сәйкес, оқиға 1 қаңтарға қараған түні болған. 

Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде, зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген. 

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жастар спирттік ішімдік ішкеннен кейін жанжалдасқан. Қазіргі уақытта күдікті анықталды, ұстау шарасы жүргізіліп жатыр», — деді полиция баспасөз қызметінің өкілдері. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz