Қарағандыда жалаңаш ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қарағанды тұрғыны үйдегілермен ұрысып қалғаннан кейін үйдің шатырына шығып кеткен. Оған жергілікті полиция қызметкерлері көмекке келді

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Қарағандының полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынға көпқабатты үй шатырынын түсуге көмектесті. Ер адам отбасымен ұрысып қалғаннан кейін шатырға шығып кеткен екен.

https://www.youtube.com/watch?v=17fXymOnENk

Киімі жоқ ер адамның көпқабатты үйдің қарға толы шатырында отырған видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды polisia.kz.

Ролик авторының айтуынша, Қарағанды тұрғыны үйдің шатырына өз балконынан шығып кетіпті. Ол сол жерде полицейлер көмекке келгенше шамамен 20 минут отырған.



sputniknews.kz