Қарағандыда үздік фермерлер марапатталды

0

Асатана, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің күніне орайластырылған шара барысында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өңірдегі үздік фермерлерді марапаттады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Заманауи фермер барлық қиындықтарға қарамастан, жоғарғы технологиялар мен мемлекеттік қолдаудың арқасында жақсы өнім жинай алады. Және біздің фермерлер жылдан жылға осыны дәлелдеуде. Енді біздің алдымызда Мемлекет басшысы қойған – өніммен тек қана елді қамтамасыз етпей, әлем нарығында ауыл шаруашылық өнімдерге бәсекелес болу бойынша тапсырмасын орындау тұр. Біз шетелге ет экспортын бастадық, алғашқы 1000 тонна өнімді жібердік. Келесі жылы бұл көлемді екі есеге арттырамыз. Экспорт бос тұрған жайылымдарды пайдалануға көмектеседі, 1000 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді және ауылдарға инвестиция тартылады», — деді өңір басшысы.

Аймақ басшысы мемлекеттің фермерлерге барынша көмектесіп жатқанын атап өтті. Тек биылғы жылдың өзінде облыс аграрларына арналған субсидиялар мен шағын несиелерге 19,2 млрд теңге бөлінген. Ол сондай-ақ егіншілік пен мал шаруашылығында сандық технологияларды енгізудің маңыздылығын айтты.

Салтанатты шарада Нұра ауданының «Отқанжар» шаруа қожалығының механизаторы Рыспай Шалабеков пен Осакаровка ауданының «Ясная поляна» шаруа қожалығының механизаторы Владислав Пудов «Еңбек Ардагері» медальдарымен марапатталды.

«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісі «Аралқұм» шаруа қожалығының қызметкері Нұрша Игенбаевқа, Шет ауданынан ауыл шаруашылық саласындағы еңбек ардагері Мұхтар Мағауовқа, «Астра-Агро LTD» компаниясының директоры Амангелді Мұқашевқа және «Сарышоқы» шаруа қожалығының жетекшісі Қамза Хасеновқа табысталды.

Сонымен қатар, саланың үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің және Ауыл шаруашылық министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Естелік сыйлықтар мен грамоталар биыл мынадай түрлі номинациялар бойынша берілді: «Агроөнеркәсіптік кешенін цифрландырудағы көшбасшы», «Ауыл шаруашылығындағы жоғарғы инвестициялар үшін», «Егін жинауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген комбайншы», «Мал шаруашылығы саласындағы эскпорт бойынша үздік кәсіпорын», «Ең көп картоп өнімін жинаған кәсіпорын», «Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша көшбасшы» және «Ауыл шаруашылығы саласындағы ең жас кәсіпкер».


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ