Қарағандыда төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

0

Қарағанды қаласында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Inkaraganda.kz-тің жазуынша, төтенше жағдайды дауылды желге байланысты енгізу жоспарланып отыр.

ТЖ жариялау туралы шешімнің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған және 4 шілдеге дейін көпшілік талқылауға ұсынылып отыр.

Қатты жел 19 маусымда Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясының оқу корпусы ғимаратының шатырын жұлып әкеткен болатын.

Сондай-ақ, жел екпінінен қаланың ойын алаңдарының бірінің жабыны көтеріліп кетті.

Қазіргі уақытта зардап шеккен балаларға кім өтемақы төлейтіні белгісіз. Тергеу жүргізілуде. Егер алаңқайды салған мердігердің кінәсі расталса, оған біраз шығындалуға тура келеді.