Қарағандыда төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап аман қалды
Қарағандыда Мақажанов атындағы емхананың дәрігерлері бесінші қабаттың терезесінен құлаған төрт жасар баланың жағдайы туралы айтты.
Балаға жабық кеуде жарақаты, оң жақ өкпесінің көгеруі деген диагноз қойылды. Сондай-ақ, екі аяқтың төменгі бөлігі бірнеше жерден шытынаған, иек аймағының көгерген жарасы және ішінің өткір жарақаты бар», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Баланың жан сақтау бһлімінде жатқандығы, оның жағдайы тұрақты екені атап өтілді.
Белгілі болғандай, 1 тамызда 23.40 -та Қарағандыда ересектердің қарауынсыз қалған, 2017 жылы туған бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен абайсызда подъезге құлап кеткен.