Қарағандыда тепловоз ер адамның басын жұлып әкетті

0
Қарағандыда тепловоз ер адамның басын жұлып әкетті


Қайғылы оқиға 18 желтоқсан күні Пришахтинск қаласында болған.

Қайғылы оқиға орнынан түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жарияланды. Тепловоз Сортировочная станциясы бағытына қарай келе жатқан. Сол сәтте ол ер адамды басып кеткен.

«Соққының ауыр болғаны соншалық, ер адамның басы жұлынып кетті. Ол 13-ші вагон астына түсіп қалған», — дейді оқиға куәгері.

Әзірге марқұмның кім екені айтылған жоқ.

Дереккөз: sn.kz