Қарағандыда тағы да жаппай төбелес: Соңы пышақтауға ұласқан

Ер адамдар пабта отырған, мекеме жабылар алдында жанжал туындап соңы жаппай төбелеске дейін жетті

0
246
Advertisement

Қарағандыда болған жаппай төбелес салдарынан үш ер адам жарақат алды, пышақ тиген. Біреуі ауруханада жатыр.

Олар қаладағы барлардың бірінде отырған. Бірге бармағаны хабарланып отыр. Паб жабылған соң далада жанжал туындаған, деп хабарлайды Astana телеарнасы.

Оқиға орнына жеткен полицейлер төбелесті тоқтатты. Қарағанды облысы полиия департаментінің ақпаратына сәйкес, жанжалға не себеп болғаны анықталып жатыр.

«Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы барларды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Үшеуі жарақат алып, ауруханаға түсті. Біреуі ауруханада жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

Ауруханада жатқан ер адамның бауырына пышақ тиген. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.

Қару қолданумен болған «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

sputnik.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз