Қарағандыда суицид жасамақ болған жасөспірімнің видеосы жұртты шошытты — Қазақстан жаңалықтары

0

Шахтинск қаласында өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалған полиция қызметкерлері жұртты тәнті етті,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап. 

суицид

8 сынып оқушысы анасымен ұрысып қалғандық 5 қабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмекші болған. Бұл операцияның кадрлары полиция жетонының камерасына түсірілген.

14 жыстағы қыздың үйдің төбесінде тұрғаны жайлы қаладағы орта мектептің мұғалімі хабарлаған. 

Кезекші ақпаратты бірден көрсетілген аймақта жүрген жол патрульдік полиция қызметкерлеріне жеткізген. Полицейлер оқиға орнына келіп, шатырға шығады. Дулат Сейдахметов әріптесі Айдос Ыбыраевтан қыздың көңілін басқа жаққа аударуды сұрайды. Айдос қызбен сөйлесіп, оны тынышталдыруға тырысқан. Осы кезде Дулат оқушының артынан барып, тартып алған.

Қазіргі уақытта қызбен психологтар, инспекторлар және ювеналды полиция жұмыс істеп жатыр.

 

 

stan.kz