Қарағандыда сот аударылған батут иелеріне үкім шығарды
Қарағандыдағы соты орталық саябақта аударылған батут иелеріне үкім шығарды. 25 мамырда Қарағандының орталық саябағында қатты жел салдарынан үрленбелі батут аударылып, 11 жастағы бала қаза тапқан.
«Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару не қызмет көрсету» бабы бойынша іс қозғалған Ерлан Такишев сот шешімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Әлия Такигева төрт жылға сотталды. Такишев жазасын бес жылдан соң, яғни баласы 14 жасқа келгеннен кейін өтей бастайды. Сотталушылар үкіммен келіспеді.
Сот үкіміне сай, айыпталушылар қаза болған баланың және зардап шеккен балалардың ата-аналарына моральдық шығын төлеуі тиіс.
Тергеудің дерегінше, батут дұрыс орнатылмаған және иелері оны саябаққа қоюға рұқсат алмаған.
Оқиға Қарағандыда үлкен шу туғызып, Қарағанды әкімі өзінің орынбасарына және коммуналдық қызмет бөлімі басшысы міндетін атқарушы шенеунікке сөгіс жариялаған. Ал саябақ директоры Рустам Кодебаев қызметінен қуылған.
Осы оқиғадан кейін төтенше жағдай комитеті елдегі батуттарға бақылау күшейетінін айтқан. Комитет төрағасы Владимир Беккер 1 шілдеден елде аттракциондарды бақылайтын арнайы комиссия жұмыс істей бастағанын айтқан.