Қарағандыда Өзбекстанның он алты азаматы уланып қалды  

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Зардап шеккен он алты адамның он екісі қазір ауруханада жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Қарағандыда тұрғын үй құрылысында жұмыс істейтін Өзбекстан азаматтары нысанда орналасқан бензин агрегатынан тұншықтырғыш газ шығуы салдарынан уланып қалды.

Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, төтенше жағдай 3 маусым күні түн жарымында болған. Зардап шегушілер 18-46 жас шамасында. Зардап шеккен он алты адамның 12-сі қазір медициналық мекемеде жатыр.  

  1. Ауруханада жатқан зардап шегушілердің тізімі:    
  2. Хусанов Сардор, 2001 жылы 20 шілдеде туған;
  3. Джураев Валентин, 1998 жылы 15 сәуірде туған;
  4. Хусанов Шарип, 1973 жылы 8 ақпанда туған;
  5. Точканов Алишер, 1996 жылы 17 қазанда туған;
  6. Неъматов Бахадур, 1992 жылы 30 наурызда туған;
  7. Элбаев Одил, 1986 жылы 12 сәуірде туған;
  8. Елбаев Фарух, 1992 жылы 2 ақпанда туған;
  9. Точканов Шахзод, 1999 жылы 10 наурызда туған;
  10. Точканов Дастан, 1995 жылы 24 қазанда туған;
  11. Точканов Айбек, 1996 жылы 15 ақпанда туған;
  12. Искандаров Обид Саллоходинович, 1995 жылы 1 тамызда туған;
  13. Самиев Азбек, 1998 жылы 1 қаңтарда туған.

Тағы төрт жұмысшы – Эгамберди Хусанов, Нияз Хусанов, Кобонует Хусанов пен Иззат Маурутовты дәрігерлер қарап, ауруханадан шығарды.    

Қарағанды облысы полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, құрылысшылардың улануына салынып жатқан үйде орналасқан бензин агрегатынан тұншықтырғыш газдың шығуы себеп болуы мүмкін.



sputniknews.kz