Қарағандыда облыс әкімімен кездесу төбелеске айнала жаздады
Қарағандыда облыс әкімі Ерлан Қошановтың 1,5 сағаттық есебінен кейінгі сұрақ қою кезегі төбелеске айнала жаздады. Халықтың көкейіндегі сауалдардың көптігі сонша, залда қойылған екі-ақ микрофон адамдарға аздық етті.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
“Қарағандыдан жұмыс берілмейді, кәрісің дейді. Мен балаларымды қалай асыраймын? 7 жыл болды жолдасымның қайтыс болғанына”, – деп ашынды қала тұрғындарының бірі әкіммен кездесуде.
Микрофонға қолы жетпеген халық Ерлан Қошановқа сұрақтарын кезектен тыс дауыстап қойып жатты. Келушілерді мазалаған сұрақ – жыл басынан бері шенеуніктер арзандайды деген тариф, жыры бітпеген бесоба мен бірнеше жылдан бері ала алмай жүрген азаматтық мәселесі болды. Кеншілер мәдениет залы әсіресе, көпбалалы аналарға лық толды. Микрофон алдында тұрған әйелдер бірінен кейін бірі пәтер кезегін жылдап күтіп жатқанын ашына айтты. Ал барлығына көмектесеміз, тыңдаймыз деп жауап қайтарған Ерлан Қошанов 12 бала туып, үкіметтен әлі күнге дейін бірде бір көмек көрмедім деген бір көпбалалы анаға жолдама алып берумен ғана шектелді.
“12 баласы бар анамызға биылғы жылы путевкасын мен өзім алып беремін”, – деді Қошанов.
Источник: Stan.kz