Қарағандыда мобилдік топпен төбелескендер видеоға түсіп қалды

0

Қарағандыда карантиндік шектеуді бұзған кісілер тексеріске барған мобильдік топ мүшелерімен жағаласа кеткен, деп хабарлайды ЭК.

Күндізгі сағат 13:30-да «Сенім 109» операторына Ш.Жандарбеков көшесінде орналасқан жеке үйде көпшілік жиналған қонақасы болып жатқаны туралы ақпарат түсті, деп мәлімдейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аталмыш деректі мониторингтік топ барып, анықтады. Жиын өтіп жатқан үйдің тұрғындары тексерушілерді ашумен қарсы алған. Сосын ол мекен жайға полиция жасағы шақырылып, мобилді топқа дөрекілік көрсеткендер полиция бөліміне жеткізілді,

— деп баяндалған баспасөз мәліметінде.

Карантиндік шектеуді бұзған кісілерге қатысты әкімшілік айып пұл бекітілген. Келген қонақтар да анықталып, олардан түсініктеме алынған.

Бұдан өзге, сол күні қалада орналасқан «Наири» мейрамханасында да көпшілік жиналған іс-шара өткізілген. Мейрамхана иесіне айып пұл салынып, жауапкершілікке тартылатын болды.