Қарағандыда көпқабатты үйде шыққан өрттен 3 бала зардап шекті

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

60 0 0

Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 13 адамды қауіпсіз жерге шығарған

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қарағандыда көпқабатты үйде өрт шығып, бірден сегіз жасқа дейінгі 3 бала иіс тиіп ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

Оқиға дүйсенбі, 4 ақпанда болған. 15-ші ықшамаудандағы тоғыз қабатты тұрғын үйде кешке сағат он кезінде өрт шығады.

«Өрт үйдің 8-қабатындағы пәтерде шыққан, аумағы — 10 шаршы метр. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те толықтай сөндірілді», — деп хабарлады құтқарушылар.

Өрт сөндірушілер 13 адамды өрттен құтқарған, оның жетеуі — балалар. 2011, 2014 және 2018 жылғы үш бала иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.

Жалынды сөндіруге 15 адам мен 8 көлік жұмылдырылған. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/