Қарағандыда «Көмекей әулие» спектаклінің премьерасы өтті

0
26 Қараша 2018, 20:40 148 0

Астана, BAQ.KZ. Қарағандыда Бұқар жырауға арналған спектакльдің премьерасы өтті. «Көмекей әулие» тарихи драмасы К.С. Станиславский атындағы театрдың сахнасында ұсынылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қойылым ғұлама ойшыл Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі жайлы баяндайды. Сценарийді актёр және драматург Кеңес Жұмабеков жазды.

«Әрине, Бұқар жыраудың образымен жұмыс істеу қиын болды, бұл жерде менің сахналық тәжірибем де көмектеспеді. Режиссер үшін де қойылым оңайға соқпады. Себебі біз басқа заманда өмір сүріп жатырмыз. Спектакльді екі айға жуық уақыт дайындадық. Бұқар жырау мен Абылай ханның рөлдеріне екі актерден әзірленді. Бұқар жыраудың рөлінде – мен және Айбек Қырықбаев. Ал Абылай ханның рөліне жас, әрі өте дарынды Есей Наурызбай мен Ақай Жұмамұрат таңдалды. Бұл спектакльде режиссердің шешімі бойынша басты рөлде халық болды», — дейді С. Сейфуллин атындағы театр актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов.

Спектакльдің қоюшы режиссері — Болат Ұзаков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласының Қалибек Қуанышбаев атындағы Академиялық театрдың режиссері.

«Материал өте күрделі. Пьесада өте қиын тарихыи оқиға туралы айтылады. Ол басқа заман, басқа әлем, психологиялық тұрғыда қазіргі заманғы адамға сол кездегі өмір лебін сезіну қиын, сонымен бірге образ құрып сол заманмен өмір сүру қиын. Кез-келген актер үшін ең басты қиындық осы», — дейді Қайрат Кемалов.

Бұқар жырау Қалқаманұлы тамаша шешен болған, жәнеде дін жолындағ қарапайым адам болған. Ол қазақ ауызекі-ақындық шығармашылықтың өкілі, философ ретінде танымал.

«Бұл спектакльде біз Абылай хан мен Бұқар жыраудың қарым-қатынасын көрсетуге тырыстық. Ата-бабаларымыз жерімізді сақтап қалу үшін, халқымыздың ұлт ретінде сақталуы үшін қандай қиындықтардан өткенін көрсеткіміз келді. Сол кездері Бұқар жырау мен Абылай хан тарихи маңызды шешімдер қабылдаған еді. Олар адалдықтарымен, шыншылдықтарымен ерекшеленетін. Ұлы шешен хан алдында ешуақытта сайқалданбай, қолбасшының шешімдеріне қатысты ой-пікірін жасырмастан айтатын», — дейді спектакльде Абылай ханның рөлін сомдаған актер Есей Наурызбай.

«Көмекей әулие» тарихи драмасы қарағандылық көрермендер назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Спектакльгет 30 астам әртістер қатысты.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ