Қарағандыда карантинге жабылғандар ауруханада жатып, ішімдік ішкен — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағандыда карантинге жабылған азаматтарды жазаламақшы. Бұған себеп қытайлық індет емес, олардың ауруханада жатып алып, ішімдік ішуі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

больница

Денсаулық сақтау министрілігінің мәліметінше, Қарағандыда 23 адам карантинде жатыр екен. Олардың барлығы да жақында Біріккен Араб Әмірліктерінен оралған азаматтар. 4 наурыз күні Дубай-Нұр-Сұлтан бағытымен ұшып келген азаматтардың жанында екі қытайлық болыпты. ҚХР азаматтары бірден өз елдеріне депортация жасапты. Ал қазақстандықтар болса Қарағандыда орналасқан госпитальға жатқызылған. Қытайлықтардан да, қазақстандықтардан коронавирус табылмапты. Аурудың белгілері де жоқ екен. Десек те қарағандылықтардың бойында жұқпалы індет емес, азаматтық жауапкершіліктің төмендігі байқалған. 

Медициналық қызметкерлер карантинде жатқан азаматтардың ішімдік ішкеннің әшкере етіпті. Атап кетерлік жайт, коронавирус көбіне иммунитеті төмен адамдарға жұғады, ал алкоголь өнімдері дәл осы иммундық жүйенің қызметін бәсеңдету қасиетіне ие. 

Қандарының құрамында алкоголь анықталған азаматтар жауапкершілікке карантиннен босатылған соң тартылады екен.  

stan.kz