Қарағандыда инспектор браконьерлер қолынан қаза тапты
Тағы бір инспектордың жағы сынған.
Қылмыс үстінде ұсталған браконьерлер инспекторды өлтірген, деп хабарлайды Qamshy.kz ҚР АШМ орман шаруашылығы комитетінің баспасөз-хатшысы Сәкен Ділдахмет сілтеме жасап.
Инспекторлар 2019 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысының Нурин ауданына рейд жасауға шыққан. Сол жерде атылған 5 киіктің денесін тауып алған. Сонымен қатар, Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлікті көрген, олардың нөмірлері тіркелмеген екен.
«Көлікті тінту барысында оларға белгісіз біреулер қарсылық көрсеткен. Соның салдарынан бір инспектордың жағы сынып, ал екінші инспектор бас-сүйек жарақатын алып, біршама уақыт ауруханада ес-түссіз жатқан. Алайда, дәрігерлер екінші инспектордың өмірін сақтап қала алмады. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының тобы тергеу ісін жүргізетін болады», — дейді баспасөз-хатшысы.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/