Қарағандыда ер адамды қағып кеткен полицей жазадан құтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағандыда жол-көлік оқиғасынан адам өліміне себепкер болды деп айыпталған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

екібастұз

Полиция қызметкерінің қатысуымен болған ЖКО өткен жылдың қыркүйек айында болған. Тәртіп сақшысы жұмыс істемейтін уақытта жолдың жүру бөлігінің шетімен келе жатқан Шахтинск қаласының тұрғынын қағып кетті. Қайғылы оқиға түнде Шахтинск қаласының маңындағы трассаның жарықтандырылмаған учаскесінде орын алды.

Жаяу жүргіншіні қағып кеткеннен кейін полиция қызметкері жедел жәрдем шақырған. Ол зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқан, алайда ер адам алған жарақатынан көз жұмды. ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жақында істі тергеу аяқталғаны белгілі болды. Полиция қызметкері қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бойынша қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚІЖК 35 — бабының 1 — бөлігі негізінде тоқтатылды»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

 

stan.kz