Қарағандыда ер адам туған қызын кепілге алды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Ер адам полицияға жеткізілді, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қарағанды полицейлері өзінің екі жасар қызын кепілге алған 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, кеше сағат 15:20-да «102» телефонына 34 жастағы ер адамның туған қызын кепілге алғаны туралы ақпарат түскен.

Тағы оқыңыз: Жетісайлық әйел өгей қыздарын қалай азаптағанын дәптерге жазып отырған

Оқиға орнына барлық жедел қызмет жұмылдырылды. Полицейлер ер адаммен төрт сағат бойы келіссөз жүргізген. Нәтижесінде 2 жасар қыз аман-есен құтқарылды.

«Ұсталған ер адам полицияға жеткізілді. Арнайы операция кезінде ешкім жапа шеккен жоқ», — делінген хабарламада.

Ер адамның неге мұндай қадамға барғанын тергеу анықтайды.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Басқа ақпарат ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Тағы оқыңыз: Шыны сынықтарымен азаптаған: Түркістандағы сұмдықтың беті ашылды

КТК телеарнасы хабарлағандай, ер адам әйелімен сөзге келіп қалған соң, баласын кепілге алған. Кейбір деректер бойынша отағасы туған қызының тамағына пышақ тақап, өлтіремін деп қорқытыпты.



sputniknews.kz