Қарағандыда ер адам мен әйел үш дүкенді тонаған (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағандыда жұптасқан екі қылмыскер бір түнде үш дүкенді тонап үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

ұрылар

Ер азамат пен әйелдің жасаған қылмыстары бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ұрылар бетперде мен қолғап киіп алғандықтан оларды анықтау әлі мүмкін болмай тұрған көрінеді. 

Олар бірінші болып түнгі бірде жабық тұрған супермаркетті тонауды шешіпті. Сауда орнында ойнап кеткен дабылға қарамастан, қылмыскерлер асықпай кассаларды ашып, ақша іздеген. Алайда кассирлер күн аяқталғанда барлық ақшаны шығарып беретіндіктен қаскөйлер құры қол қалыпты. 

Дәл осы жұп тағы бірдей екі дүкенге ұрлыққа түскен. 

Полиция өкілдері шығын көлемі есептеліп, ұрылардың тұлғалары анықталуда екенін жеткізді. 

 

 



stan.kz