Қарағандыда екі азамат қызға таласты. Нәтижесінде біреуі жыныс мүшесінен айырылды
Қарағандыда екі ер адам қыз үшін төбелесіп қалды. Кикілжің барысында жәбірленушінің денесіне қатты зақым келген, деп хабарлайды Қазбекби аудандық соты.
Екі қарағандылық Гоголь көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің алаңында төбелесіп қалған. 38 жастағы ер адам мен 19 жастағы жігіт бір қызды бөлісе алмаған. Нәтижесінде жас жігіт бірінші болып қол жұмсайды. Бұдан кейін екіншісі оны аямай соққыға жығады.
Тергеу мәліметінше, ер адам қолмен ғана емес, аяқпен де ұрған. Сот-медицина сараптамасы жас жігіттің жыныс мүшесіне ауыр зақым келгенін анықтады.
«Сондай-ақ, оның қас доғасы жарақаттанып, тырнақ фалангасы сынғаны белгілі болды», — делінген іс материалдарында.
38 жастағы ер адамның үстінен ҚР ҚК («Кісі денсаулығына әдейі зақым келтіру») 106-баптың 1-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Іс Қазбекби аудандық сотында қаралды. Ер адам кінәсін толықтай мойындады. Шын жүрекпен өкінгені үшін сот оның бас бостандығын тек 3,5 жылға шектеді.