Қарағандыда екі автобустың қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды
Қарағандыда екі автобустың қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео тарады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 25 қарашада таңертең сағат 09:15 шамасында көпірде болған.
Полиция мәліметінше, автобустардың бірінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, көптеген жолаушылар түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген.
«Жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. №41 автобус бос болған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облысының полициясының өкілі.
Ведомство жүргізушілерге қырағы болып, жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.