Қарағандыда депутат екі баланы қағып кетті

0

Қарағанды облысында мәслихат депутаты балалар мен 9 сиырды көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды KZNEWS сайты.

Nissan көлігін 33 жастағы аудандық мәслихат хатшысы басқарған. Ол Ботақара-Доскей тасжолымен жүріп бара жатқан.

Бұл деректі Қарағанды облысының полиция департаменті растады.

Биыл 2 шілдеде Ботақара-Доскей тас жолында Nissan-ды басқарған 33 жастағы әйел малдарға соғылған. Осыдан кейін жүргізуші көліктің рөліне ие бола алмай, мотоцикл мінген 8 және 16 жастағы балаларды соққан. Олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды, — деп жазылған хабарламада.

Полиция деректі тіркеді. Тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.