Қарағандыда дене шынықтыру мұғалімі оқушыны ұрып-соғып, сүйрелеген

0

Майқұдықтағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушының басынан ұрып, еденде сүйрелеп жазалаған деп хабарлайды «NewTimes.kz» АА. Блогер Денис Денски өз Instagram парақшасында болған оқиғаның егжей-тегжейін бөлісті. Оған баланың анасы келіп, дене шынықтыру мұғаліміне шағымданған. Оның айтуынша, дене шынықтыру мұғалімі 13 жастағы баласының басынан ұрып, күртесінің капюшонынан ұстап, жасөспірімді бүкіл сыныптың көзінше еденде сүйрелеген. Анасы мен ұлы тексерілуге ауруханаға барған, баланың мойнында кішкене гематома пайда болған. Ауруханада полицияға арыз жазу қажеттігін айтты. «Мен кімнің кінәлі екенін білмеймін. Бұл оқиғаға себепші болған менің ұлым шығар, бірақ мұғалім балаларды ұрмауы керек, балаға сабақ берудің өзіндік әдісі болуы керек. Мен полицияға арыз жазғым келмейді, бірақ біз жағдайдың қайталануын қаламаймыз, сондықтан мен бұл істі жария етуге шешім қабылдадым», – дейді баланың анасы.

Қалалық білім бөлімі жазбаны оқып, мектеп әкімшілігінен ақпарат сұрады. «Директор бұл факті бойынша қызметтік тергеу басталғанын түсіндірді, оған дене шынықтыру мұғалімі болған оқиға туралы хабарлады. Мектептің спорт залында бейнебақылау камерасы бар, бейнежазбалар бұл жағдайды объективті түрде түсінуге көмектеседі. Біз қызметтік тергеудің нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз», – деп жазды білім бөлімі жазбаның астында.